Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАшылу құрметіне сахнада эстрада жұлдыздары өнер көрсетті, ал іс-шара қонақтарының арасында сертификаттар мен сыйлықтар ойналды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жуырда аталмыш саябақта желілік мұз айдыны ашылады.
Қысқы демалыс орнында естелікті фотосуреттер үшін әртүрлі фотоаймақтар орнатылған. Гирляндтармен безендірілген шыршалар мен қарағайлар саябақта ерекше мерекелік атмосфера орнатып тұр. Сонымен қатар, саябақ қонақтарына арнап түрлі тамақтану орындары мен тегін мұз сырғанақтары ашылды.
Сондай-ақ, сынап бағаналары төмен температураға түскеннен кейін саябақта мұз айдынының соңғы қабаты құйылады. Бұл – елордадағы алғашқы және ең ұзын желілік мұз айдыны. Оның ұзындығы – бір бағытта 290 метр, ал жалпы сырғанау жолының ұзындығы 580 метр болмақ. Өз конькилері бар келушілер үшін мұз айдынына шығу тегін болады.
Саябаққа кіру Тұран даңғылынан (сағат ескерткішінің жанында) қарастырылған.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес