Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада орталық атқарушы органдардың (министрліктердің) жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама қаланың көлік жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, бұл шара жолаушылар ағынына оң әсер етіп, қоғамдық көлікке түсетін қысымды төмендетуге көмектеседі.
Бұл бастаманы үкімет деңгейінде көтеруді жоспарлап отырмыз. Орталық атқарушы органдардың жұмыс басталу уақытын өзгерту мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл жарты сағат немесе бір сағат болуы мүмкін – бұл талқыланатын мәселе. Біз білім беру, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдармен бірлесе жұмыс істейміз, – деді Өтебаев.
Оның сөзінше, жұмыс кестесін өзгерту таңғы және кешкі қарбалас уақытта жол қозғалысын реттеуге көмектеседі.
Өтебаевтың айтуынша, бұл бастама басқа көлік жүйесін жеңілдету шараларымен салыстырғанда айтарлықтай қаржылық шығынды қажет етпейді және оны тез арада жүзеге асыруға болады. Осылайша, оның алғашқы нәтижелері жақын арада көрінуі мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді