Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада жұмыс берушінің үйінен гауһар тастарды ұрлаған үй қызметкері ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен гауһар тастары бар алтын сырғалары ұрланғанын айтып арызданған.
Арызданушы үй қызметкерінен күдіктенетінін жеткізген. Ол хабарландыру сайты арқылы тапқан 43 жастағы әйелдің үйде бір ай жұмыс істегенін айтты. Келіп жүрген уақыттарының бірінде жұмысшы жатын бөлмені жинап жүріп, шкафтан киім-кешек пен сырғаларды ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Оның ломбардқа тапсырған ұрланған зергерлік бұйымдары тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер