Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 23-24 маусым күндері «Жошы хан» тарихи драмасының премьерасын ұсынады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Жошы хан» тарихи драмасының авторы – Думан Рамазан. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Спектакльге музыканы арнайы композитор, этномузыкант, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Еділ Құсайынов пен Қайрат Тоқымбетов жазды. Қойылымның суретшісі ретінде Ерлан Тұяқов шақыртылды. Хореографы - Салтанат Сұңғат, сахна сайысын Абылай Салимханов қойды, - делінген мәліметте.
Спектакль Шыңғыс ордасы мен Қазақ ордасы атты бөлімдерден тұрады. Үргеніш шаһарын басып алу барысындағы Шағатай мен Жошы арасындағы текетірес хандық ішіндегі дауға ұласу қаупі туады. Шыңғыс ханның ұлдары арасындағы алауыздықты шешіп, сыртқы жаулардың қитұрқы ойларының жүзеге асуына жол бермеу жолы көрініс табады. Шыңғыс ханның өз қарамағындағы жерлерін төрт ұлы арасында ұлыстарға бөлу сахнасы арқылы оның көрегендігі мен сарабдал саясаткерлігі байқалады. Заңғар таулардан асып, терең теңіздерді кешіп, таралғы созылғанша, үзеңгі қажалғанша тыным таппай, қаншама халықты қарамағына қаратып, бір ұлысқа ұйыстырған хан әке мен оғлан Жошының Ел билеу жөніндегі ой ерекшеліктері, талғам-түйсіктері бой көрсетеді.
Спектакльде Жошы хан рөлін театрдың жас актері Қайыржан Садықов сомдайды. Шыңғыс хан бейнесін екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Қапаев пен Жанқалдыбек Төленабаев сомдайды. Спектакльде негізгі, қосалқы рөлдермен қатар көпшілік сахналарында 43 артист өнер көрсетеді.
Өтетін күні мен уақыты:
23 маусым 19:00
24 маусым 18:00
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?