Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордалық жолаушылардың автобустың ішіне жіп тартып, іш киім жайған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралды. Оқиғаға қатысты CTS компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қызметтік тексеру барысында CTS Көлік бақылау департаментінің жұмыскерлері бұл әрекеттің №21 бағдарда болғанын анықтады. Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде белгілі болғаны, сағат 20:29-да «Астана саябағы» аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс түрде жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі «Аiland» отбасылық демалыс орталығы аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап алып, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайттың барлығын ұялы телефондарына түсірген», - делінген компанияның ресми Іnstagram парақшасында жарияланған мәліметте.
Тиісті шара қолдану үшін бейнематериал Астана қаласының полиция департаментіне жолданған.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді