29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстана полицейлері көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлаған жолаушыны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.
Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған. Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген, - делінген мәліметте.
Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады. Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам байқалды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған. Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен.
Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек