Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада жиһаз жасайтын цехта өрт шықты. Оқиға 23 қаңтар сағат 21:20 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 21.26-да шақырудың жоғары дәрежесі бойынша келіп жеткен өрт сөндірушілер жиһаз жасайтын өндірістік цехтың 1200 шаршы метр алаңында жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке техникалық бұйымдар жанғаны анықтаған. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттері өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуын болдырмады. Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 23.19-да сөндірілді. Оған ТЖД жеке құрамының 93 маманы мен 18 техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс