23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордада кәмелетке толмағандар ұрлық жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен екі жасөспірімді анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, олар күнделікті сабақтан кейін, сыныптасының үйіне ойын ойнауға барып отырған.
Күндізгі уақытта ата-аналары жұмыста болғандықтан, жасөспірімдер үлкендердің қарауынсыз болып, үйде емін-еркін жүрген. Кішкентай қожайынның көзін ала беріп, екі жасөспірім жатын бөлмесінде орналасқан сөренің ішіндегі қорапшадан алтын бұйымдарды ұрлаған. Жымысқы әрекеттерін бірнеше күн бойына қайталаған.
Жалпы саны 8 алтын жүзік пен алқаны қолды қылып, арызданушыға 600 мың теңгенің көлемінде шығын келтірген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Кәмелетке толмаған балалар заңды өкілдеріне тапсырылып, екеуін де ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады