Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖаңа оқу жылында Астанада 15 мектеп ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаланың даму барысында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударылып отырғанын атаған қала әкімі өткен оқу жылында рекордты көлемде оқу орындары салынғанын жеткізді. Сонымен бірге, 24 мектеп пайдалануға беріліп, 66 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашылған көрінеді. Сондай-ақ, сол 24 мектептің 16-сы жайлы мектептер санатына жатады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге жайлы мектептердің салыну барысымен таныстық. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасады. Жаңа оқу жылы ішінде тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оның 7-еуі «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл жайлы мектептер 28 мың оқушыға арналған орын (екі ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 4 үш ауысымды және 7 шамадан тыс толы мектептің проблемасы шешіледі, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ол өз жазбасында мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Астанадағы жайлы мектептердің жалпы саны 24-ке жеткелі отырғанын алға тартты. Сонымен қоса, қалада балабақшалар, оқушылар сарайы және өзге де әлеуметтік нысандар салынып жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары