Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіОсы жылдың 22-27 қарашасы аралығында Астанада «WorldSkillsKazakhstan 2023» Кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиадаға еліміздің 545 жас маманы мен 520 сарапшысы қатысады. Байқаудың үш күнінде, яғни, 23-25 қараша аралығында колледж студенттері 30 құзырет бойынша үздік атану үшін бақ сынасады. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. құзыреттіліктер бар.
Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатына барады.
Бұдан басқа, WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделі мен танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау саласына жаңа стандарттарды енгізуге бағытталған. Бүгінде ұйымның қызметіне 80 мемлекет қатысуда.
Атап өтейік, биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы WorldSkills Еуропа чемпионатына қатысу тарихында ең жақсы нәтиже көрсетіп, екі медаль мен төрт “Үздік медальон” жеңіп алды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?