1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Соңғы күндері Астанада бөтеннің мүлкіне зиян келтірудің жаңа жағдайлары тіркелді. Оған кінәлілер тез табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтарда таңғы сағат 06:00 шамасында 26 жастағы азамат жеке үйлердің бірінің кіреберіс есігін қасақана зақымдап, 34 900 теңге сомасына материалдық шығын келтірді.
Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан сағат 00:45-те 21 жастағы әйел пәтердің кіреберіс есігі мен есік қоңырауына зақым келтіріп, 37 000 теңге шығын келтірді. 3 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында, 33 жастағы ер адам қоғамдық орындағы лифт есігін тепкілеп, сындырған. ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл оқиғалар елордадағы вандализмнің жолын кесу жөніндегі кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Полиция қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізіп жатыр.
Акцияның мақсаты - вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
Вандализм үшін 332 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 191 адамға айыппұл салынды, 141 адам әкімшілік қамауға алынды. Оны алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?