7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан полициясының 32 жылдығына орай елордалық тәртіп сақшылары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев ішкі істер органдарының ардагерлерін, қаза тапқан қызметкерлердің жесір әйелдерін және жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін бейбіт уақытта жанын қиып, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестеріміз мәңгі есте сақталады. Тәуелсіздік жылдарында елордалық департаменттің 8 қызметкері ерлікпен қаза тапты. 17 полиция қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты.
Қызмет бабында жанын қиған полиция қызметкерлерінің есімін мәңгілікке сақтау, сондай-ақ, өскелең ұрпақты нағыз ерлік пен жанкештілік үлгілері арқылы тәрбиелеу мақсатында елордамыздың 8 мектебінде кадет сыныптары мен еске алу бұрыштары ашылды,-деді қаланың бас полицейі.
Дәстүр бойынша қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген елорданың ерекше көзге түскен тәртіп сақшылары Ішкі істер министрінің және Астана қалалық Полиция департаменті бастығының бұйрығымен медальдармен, грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Сол күні елордалық полицияның басшысы БАҚ қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адал еңбегі мен елордадағы ахуал туралы халыққа сенімді ақпарат бергені үшін алғысын білдіріп марапаттады.
Сонымен қатар барлық қонақтарға мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?