Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот жас баланың өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам өзімен бірге тұратын әйелдің үш жасар баласымен жалғыз қалғанда, оған кенеттен қасақана ауыр дене жарақатын салған, оқиға соңғысының өліміне әкеп соқтырды. Қылмыс жасаған кезде сотталған адамда медициналық куәландыру қорытындысымен психоактивті затты, атап айтқанда трамадолды қолдану фактісі анықталды, - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.
Астана қаласы сотының мәліметінше, ер адам айыпты мойындамаған. Баланың дене жарақатына қатысы жоқ екенін айтып, соттан өзін ақтауды сұрады.
Ал жәбірленуші оны баласына дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп санайтынын айтты. Азаматтық талап қойылмаған.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, маман мен сарапшылардың айғақтарымен, медициналық-криминалистикалық және сот-медициналық сараптама қорытындысымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдету ісін анықтаған жоқ.
Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлату бойынша сот сотталушының іс-әрекетінде қылмыстың қайталану қаупі бар екенін мойындады. Өйткені ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айырылған.
Сот үкімімен ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер