Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні ол құралды университет бөлмесінен байқаған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт, баянды ұрлап, негізігі шыға берістен шығып кеткен. Ол өз әрекетімен 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қаскүнемді анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Ол жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды.
Астана қаласы полиция департаменті бөтеннің мүлкін иемдену қылмыс ретінде сараланып, қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін ескертеді. Күдікті әрекеттердің немесе адамдардың куәгері болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді