Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы24 қазанда «Барыс-Арена» мұз сарайының сахнасында аңызға айналған «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына орай үлкен шоу өтеді. Елорданың коммуникациялар қызметіндегі брифингте концерт туралы топтың негізін қалаушы және продюсері Қыдырәлі Болманов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина айтып берді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көрермендер этно-рок тобының және өзге танымал әншілердің өнеріне куә болады. Олардың қатарында Қарақат Әбілдина, Майра Мұхамедқызы, RaiM, Kalifarniya, Amre, Qanay бар.
Қыдырәлі Болмановтың айтуынша, «Ulytau» – бұл батыс пен шығыс мәдениеттерінің бірігуі, ал осыған ұқсас жоба әлемнің еш жерінде жоқ. Скрипканың нәзік әуені қазақтың қара домбырасымен әдемі үйлеседі, ал электрлі гитараның айқын екпіндері топты шын мәнінде ерекшелей түседі.
Топ музыканттары әлемдік композиторлар – Бах, Вивальди, Паганини, сондай-ақ халқымыздың Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрқисса Тілендиев секілді тұлғалардың шығармаларын орындайды.
Концерт 24 қазан күні сағат 20:00-де «Барыс-Арена» сахнасында өтеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді