Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада Ұлттық ұлан жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы дерек 18 қазанда сағат 19:50 шамасында болған. Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде әскери жасақ ағаштың түбінде бір затты жасырып жатқан азаматты байқаған. Жасақ бастығы Сайыскелді Сайлауұлы және қатардағы жауынгерлер Темірлан Ағанкелдиев пен Еламан Әбүйір дереу мән-жайды анықтауға кірісіпті.
Ұсталған ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілген. Тергеу жедел тобы күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде өзіне тән иісі бар зат салынған 64 буманы тәркіледі.
Екінші оқиға Есіл ауданы көшелерінің бірінде болған. Әскери жасақ бастығы Еркебұлан Парымбеков және патрульші жауынгерлер Бекнұр Аяшев пен Құрбанәлі Наурызбай марихуанасы бар байлам тауып, іс кесу нәтижесінде тағы екі есірткі курьерін ұстады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер