19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада тұрғындарды ипотекаға үй алып беремін деп сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығы туралы хабарлаған. Оның айтуынша, 28 жасар елордалық ипотекамен үй алып беруге көмектесемін деп жәбірленушінің 1 млн 300 мың теңге ақшасын алған.
Кейін, айтқан уәдесінде тұрмай, шалған қоңырауларын жауапсыз қалдырады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Аталмыш фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары