Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қайғылы жағдай сейсенбі, 1 шілдеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы жүргізуші Toyota Land Cruiser маркалы көлікпен "Арыс" көпіріне қарай бара жатып тізгінге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік аударылып, қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы екі автокөлікпен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді