Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАстанадағы Жастар сарайында Торғай өңірі өнерпаздарының концерті өтті. Кеш әйгілі «Ғасырлар пернесі» ансамблінің орындауындағы «Ақсауыт» күйімен ашылып, көрермендерді ұлттық өнердің әуезді әлеміне жетеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов ансамбльге Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілдің есімі берілгенін атап өтті. Концерт барысында Нұрхан Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінің өнерпаздары «Ұлылар ізімен» атты прологын ұсынып, ұлттық мұраға деген ерекше құрмет көрсетті. Сонымен қатар, «Балқадиша» жетігеншілер тобы, «Еркеназ» би ансамблі, Бақытжан Байқадамов атындағы камералық хор, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Күй тартыс шеберлері Әділ Ақанов пен Перизат Қалабайқызының орындауы көпшілікті тәнті етті.
Кеш барысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет әндері» байқауының жеңімпаздары мен жергілікті композиторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ, көрермендер Қонысбай Әбілдің «Бала махаббаты» әнін тыңдап, қазақ музыка өнерінің нәзік сырларына бойлады.
Концерт соңында Алмас Сейілхан, Алмас Нұрлан, Фариза Бүркітбай, Мейрамбек Бейсенбек және Мирас Әбдікәрім сынды бірқатар өнерпаздарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттары табыс етіліп, өнерпаздарға ықылас гүлдері тарту етілді. Бұл кеш – Торғай өнерпаздарының асқақ рухы мен өнерін паш еткен ұмытылмас мәдени оқиға болды.
Фото: Ақбота Құрманбек
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес