Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада теннистен дәстүрлі Президент кубогы атты халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екі апта бойы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жазғы хард жабынындағы корттарында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour сериялары аясында жарыстар өтеді.
Турнир аясында ATP Challenger сериясындағы ерлер арасындағы жекелей және жұптық сайыстардың, сондай-ақ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Ұйымдастырушылар тарапынан wild card (арнайы шақырту) қазақстандық Әмір Омарханов пен Занғар Нұрланұлына берілді. Негізгі тордың бірінші кезеңінде Омарханов жапониялық Шинтаро Имаемен кездессе, Нұрланұлы тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бахтияр және 17 жастағы Даниэль Тазабеков сынға түседі.
Іріктеу матчтары 28 шілдеде басталады. Орынбасар түрік теннисшісі Арда Азкармен, Ломакин жапониялық Тайсей Ичикавамен, ал Тазабеков тағы бір жапониялық ойыншы Риотаро Тагучимен кездеседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді