Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана көшелерінде тасбақасымен серуендеп жүрген қыз көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рептилияның жайбарақат тротуармен қозғалып бара жатқан сәті түсірілген қызықты видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті.
Бейнежазбада тасбақаның соңынан еш асықпай еріп келе жатқан иесі де көрінеді. Желі қолданушылары бұл көрініске қатысты түрлі пікір білдіруде: кейбіреулер тасбақаның жүрісін өз интернет жылдамдығына теңесе, енді бірі оған доңғалақ орнатып, тезірек қозғалуға көмектесу керек деп әзілдеген.
Көпшілік бұл видеоны «күннің ең сүйкімді видеосы» деп атап үлгерді. Ал тасбақа мен оның иесін баяу өмір сүрудің символына айналдырды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады