23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.
Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда тиісу ҚР ӘҚБтК 10 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.
Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады