23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада су қоймасын тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
11 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алды.
1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген көрінеді. Ол елордамызды ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр.
Осыдан екі жыл бұрын, Қазгидромет мекемесі батиметрикалық түсірілім жасап, қойманың 46,7 млн текше метрі тұнба екенін анықтады. Бұл – су қоймасының 30%-і. 2023 жылы суға деген сұраныс – 97 млн текше метр. Оның 46 млн текше метрі қолданылды, жылдың соңына дейін қосымша 51 млн текше метрге сұраныс бар.
Астана халқының саны жылдан жылға өсіп, тұтыну көрсеткіші ұлғайғанын ескере отырып, қойманы тереңдету, тазалау бойынша қос жобаны қолға алмақ. Себебі, 2030 жылы Астана халқы 2 млн-ға жеткен жағдайда, 150 млн текше метр су қажет болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады