Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстана полицейлері спирттің ірі көлемдегі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Астрахан тас жолы мен айналма жолдың қиылысында Volvo және ГАЗель автомашиналары тоқтатылып, сыйымдылығы 225 литр болатын 46 пластикалық бөшке анықталған.
Жүргізушілердің айтуынша, бөшкелердің ішіндегі зат – спирт. Әрі қарай цех анықталып, оны тексеру барысында спирт сұйықтығы бар 12 пластикалық бөшке, 24 қорап «Родники Сибири» арағы, 42 бөтелке «QULAN» арағы, 5 қорап таңбаланбаған пластикалық бөтелкелердегі арақ табылды. Сондай-ақ үй-жайда алкогольді араластыруға арналған сыйымдылығы 1000 литр құрылғы және спиртометр тәркіленді. Іс-шара барысында 13 050 литр спирт пен 772 бөтелке арақ алынды, - делінген хабарламада.
Материал Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тергеу бойынша берілді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді