Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада ІІ дүниежүзілік соғыс ардагері Михаил Григорьевич Куликтің мемориалдық тақтасы «Байқоңыр» ауданында ашылды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, қалалық Қорғаныс істері департаментінің басшысы Айдын Сағынбек, соғыс ардагері Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик және қала тұрғындары қатысты.
Тарихты есте сақтау, бүгінгі күнмен өмір сүру және жарқын болашақты құру – біздің азаматтық парызымыз. Сол себепті баршаңызды бүгінгі Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын. Әр отбасында тек бейбітшілік болсын. Өскелең ұрпақ біздің ата-бабаларымыз көрген қиындықты көрмей өссін. Ата-бабалардың ерлігін жадымызды мәңгі сақтауымыз қажет. Өйткені өз тарихын сыйламаған ұлттың – болашағы жоқ, - деді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.
Мемориалдық тақтаны салтанатты түрде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен Михаил Куликтің қызы Валентина Кулик ашты.
Бүгінгі іс-шара – өте маңызды. Өйткені ардагердің қаламызға тигізген еңбегі – өте зор. Соғыстан кейін ол осы қалада еңбек етті. Михаил Кулик – 2004-2023 жылдар аралығында алғашқы тың игерушілердің бірі. Ол 1926 жылы дүниеге келіп, 1943 жылы соғысқа аттанды. Соғыс ардагері 2 мәрте Отан орденінің иегері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері атанды. Сол ерлігімен бүгінде елге танымал болды. Михаил Григорьевич – сондай жақсы адам еді. Ардагерлер кеңесінде өтетін әр іс-шараның бас-қасында жүретін. Өкінішке қарай, былтыр Михаил Кулик қайтыс болды, - деді Астана қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.
Салтанатты рәсімнен соң Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония оркестрі жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?