Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, құрылтай жиналысында мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 20-дан астам инвестициялық ведомстволары мен қорларының өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларында әлеуетті инвестициялық жобаларды қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады. Инвестициялық ахуалды жақсарту және осы саладағы бар кедергілерді еңсеру мәселелеріне ерекше назар аударды, - делінген мәліметте.
Отырыстың қорытындысы бойынша қауымдастықтың жұмыс жоспары қабылданды және хаттамаға қол қойылды.
Инвесторлар қауымдастығы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 4 шілдеде Ұйымның Астана саммитінде құрылды және ШЫҰ форматындағы тікелей және портфельдік инвестициялар нарығын дамыту, оларды елдер экономикаларының басым секторларына тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуге арналған көпжақты, консультациялық-сараптамалық алаң болып табылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді