20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана прокуратурасының мәліметінше, құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.
Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған, - делінген мәліметте.
Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?