20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана тұрғыны қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен 7 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл коммерциялық ұйымдарда материалды-жауапты лауазым атқара алмайды. Оған ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.
Сотталушы К. серіктестікте IT маман ретінде жұмыс істеген және материалдарға жауапты адам болған.
Сөйтіп өзіне сеніп тапсырылған құны 57 млн теңгеден асатын ұйымдастыру техникасын талан-таражға салып, одан түскен ақшаны букмекерлік кеңселерге жұмсап жіберген.
Сотталушы апелляциялық шағым беріп, тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрады. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы К-нің өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны дәлелденгенін және жазаның кінәлі адамның жеке басына және туындаған зардаптарға сәйкестігін ескере келе үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Сотталушы компанияға келген залалды өтеген жоқ. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?