23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенбілік кезінде 300-ге жуық жасыл желек отырғызылды. Оған мыңнан астам адам, оның ішінде ҚР Конституциялық сотының қызметкерлері, бизнес, қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Тазартылған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метрді құрады. Сондай-ақ 75 бірлік тиеу техникасы және 36 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
Экологиялық айлықтың басынан бастап сенбіліктерге барлығы 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.
Елорданың ҚТҚ полигонына 1700 тоннадан астам қоқыс жиналып шығарылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады