19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпірдегі қозғалыс бір күн бұрын ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Елордадағы көпір сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі қарсы қозғалысқа арналмақ. Көпір үстінде сынақ 25 қазан күні басталды. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін тиісті көрсеткішті беретін сенсорлар орнатылды. Ондағы абаттандыру жұмысы көктемге дейін жалғасады.
Бұл көпір өзге көшелерге түсетін күшті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және басқа да қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Бұдан бұрын жаңа көпір 30 қазан күні ашылатыны хабарланған болатын.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары