19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астанада сауда үйінен телефон ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқоңыр ауданы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде құны 460 мың теңге тұратын Samsung ЕЅ-23 телефонын алып кеткен 39 жастағы астаналықты анықтады.
Күндізгі уақытта электронды техника дүкенінде болған кезде, ер адам тауар сөрелеріндегі телефондарды қарап жүріп, телефонды білдіртпей қалтасына салып алып кеткені анықталды. Ер адамның әрекеттері бейнекамераға түсіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған астаналықты ұстады, ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстардың бірнеше эпизодына қатысы бары анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ер адам қамауға алынды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары