Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек18 мамырда елордадағы Триатлон паркінде «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ауқымдағы спорттық іс-шара 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтыққа жүгіруді ұнататындар үшін ұйымдастырылады. Оған денсаулық жағдайы бойынша жоғарыда аталған қашықтықтарды еңсере алатын 12 жастан асқан Астананың кез келген тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Жарыс 18 мамыр күні сағат 08:00-ден 11:30-ға дейін өтеді.
Жарыстың мақсаты – елдегі аутизм мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару және елордада бұқаралық спортты дамыту.
Қатысушыларды тіркеу 2024 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың лимиті – 2 000 адам.
Басқа қатысушы үшін бастапқы пакетті алушының атына жеке куәліктің және сенімхаттың көшірмесін еркін нысанда ұсыну арқылы ғана алуға болады.
Барлық түскен қаражат инклюзивті білім беруді дамытуға, аутизмі бар балаларды қолдауға, «Әрбір бала мектепке лайық» жобасына бағытталатын болады. Жоба туралы толығырақ www.bolashakcharity.kz сайтынан көре аласыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?