Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Астанаға қыс ерте түсіп, қала тұрғындары қыстық спорт түрлерінің маусымына кірісіп кетті. Қала әкімдігінің мәліметінше, қараша айының ортасында «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру маусымы ресми түрде басталса, күздің соңғы күнінде Орталық саябақта шаңғы тебуден алғашқы жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр қыс кеш түсіп, желтоқсан айының аяғында ғана шаңғы тебу маусымын бастап едік. Биыл қар ерте жауып, ауа райы қарашаның өзінде қысқы спортқа қолайлы болып отыр. Бүгінгі іс-шарамыз ресми шаңғы маусымының ашылуы деп айта алмаймын. Маусым 18 желтоқсанда басталады. Әйтсе де, бүгінгі спорттық іс-шарамызға 200-дей қатысушы жиналды. Жаман емес. Жазда жүгіру танымалдылыққа ие болса, қыста шаңғы тебу тұрғындар тарапынан сұранысқа ие. Спортты серік етіп, демалысты жақсы көңіл күймен өткізіңіздер, - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.
Іс-шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысып, әр қатысушы өзінің шаңғысын ала келді. Ал бірінші мәрте қызығушылықпен келгендер 2 000 теңгеге жалға алып, осы спорттағы алғашқы қадамдарын жасады.
Айта кетейік, Орталық саябақта жұмыс күндері кешкі 19:00 мен 21:00 аралығында шаңғыны жалға алып, өз бетіңізше үйренсеңіз болады. Ал жаттықтырушының көмегі қажет десеңіз, балалар үшін 35 мың теңге, ересектер үшін айына 40 мың теңге болатын секция да қарастырылған.
Енді алдағы уақытта әр апта сайын демалыс күндері Орталық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?