20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кеш ұжымның 90 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Аталмыш концерт Құрманғазы оркестрінің Ақмола облысынан басталып, елордада жалғасын тапқан гастрольдік сапарының бір бөлігі болды.
Екі бөлімнен тұратын концерттің алғашқы бөлімі дәстүрлі күйші-композиторларға арналды. Атап айтсақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров және тағы да басқа композиторлардың шығармалары орындалды. Бұл бөлімде ұлттық музыка мәдениетінің тереңдігі мен байлығы, тарихи маңызы көрсетілді, - делінген мәліметте.
Заманауи бағыттағы шығармалар мен әлемдік классиканы қамтыған екінші бөлімде Yanni, Sting, Toni Braxton, Ray Charles, Whitney Houston сынды өнер жұлдыздарының шығармалары ұсынылды.
Қазақ оркестріне лайықталған бұл туындылар ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімді үндестігін көрсетті. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары және Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының виолончелистер ансамблі өнер көрсетті, - деп қосты ведомство.
Келесі гастрольдік сапар Шымкент қаласында жалғасады. Ұжым Республикалық «Оркестрлер шеруі» фестиваліне қатысып, шымкенттік көрерменге «Оркестр түні» атты авторлық жобасын ұсынбақ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?