Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада ерлер мен әйелдер арасында өтетін қоян-қолтық ұрысынан әлем кубогының финалы басталды. Турнир төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналып отыр, деп жазады El.kz интернет порталы.
Турнирдің алғашқы күні мандаттық комиссия, салмақ өлшеу, жеребе тарту және брифинг ұйымдастырылды. Брифинг барысында жарыстың ережелері мен өткізу тәртібі талқыланған.
Аталған дода елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында екі бағытта өтпек. Оның ішінде өзін-өзі қорғау және жекпе-жектері бар. Байрақты додаға әлемнің 13 елінен келген 200-ден астам спортшы қатысуда. Олар халықаралық аренада өз шеберлігін, рухын және ерік-жігерін көрсетеді.
Бұл ретте Қазақстан, Ресей, Ауғанстан, Иордания, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Моңғолия спортшылары ел астанасына табан тіреп отыр.
Финалдық кезең төтенше жағдайлар министрлігі, «Batyr Team» спорт клубы, Қоян-қолтық ұрысынан халықаралық және бүкілқазақстандық федерациясы қолдауымен ұйымдастырылған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар