22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОрталық спорт клубының Алматы филиалының базасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметшілері арасында қоян-қолтық ұрыстан оқу-жаттығу жиындары өту үстінде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іріктеу жарыстарына еліміздің Қарулы күштерінің ең мықты деген 60 спортшысы қатысып жатыр. Олардың қатарында Әлем чемпиондары майор Вадим Федосеев, кіші сержанттар Әсел Анарбаева, Жандос Мадехиянов, Қарулы күштердің қызметкері Сара Рахмонова, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жүлдегерлері лейтенант Арман Ерменбет, сержант Бауыржан Сұлтанов, кіші сержант Еламан Қуатов, ефрейтор Аян Тұрсын бар. 45 спортшы турнирге жолдама алмақ.
Жиындар Орталық спорт клубының командасын армиялық қоян-қолтық ұрыстан өтетін ТМД чемпионаты мен ҚР Қорғаныс министрінің кубогына арналған республикалық турнирге дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ең мықты деген спортшылар ел намысын қорғайтын болады, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушысы майор Жасұлан Мүсеркенов.
Айта кету керек, қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін республикалық турнир мен армиялық қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионаты 11-13 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев