Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 28 қазаннан бастап Д.Қонаев көшесі бойында көлік қозғалысы қайта жанданады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қозғалыс Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта қалпына келтіріледі.
Нысанның жерүсті бөлігінде негізгі құрылыс жұмысы аяқталды: жаңа жол жамылғысы төселді, таңбалар сызылды, қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылды. Аталған учаске толықтай пайдалануға дайын.
Қазіргі уақытта көпір өткелі құрылысының үстіңгі бөлігінде және іргелес аумақта әрлеу және абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.
Осы учаскеде қозғалыстың қайта ашылуы елорданың орталық аудандары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?