19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордада жолаушылардың шамамен 40%-ы қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейді. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қалада тұрғындардың жол ақысын төлемеу мәселесі отырыста талқыға түсті.
Әр жолы автобустарға 3-4 миллион теңге сұрайсыз. Бірдеңе өзгере ме, әлде адамдар осылай көлікке мініп, жол ақысыз жүре беруін жалғастыра ма?, – деді мәслихат депутаты Владислав Сергеев.
"Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ басшысының м.а. Бауыржан Тайбергенов автобустардағы төлем жүйесін ауыстыру жоспарланғанын айтты.
Қазір QR кодтарымен төлеу деген бар. Олар QR-ды сканерлейді де, төлемейді, тексерушілердің келгенін күтеді. Сондықтан енді QR кодтарын алып тастаймыз, ал азаматтар кірген сәтте тек банк картасымен жол ақысын төлейді. Банк жүйесі арқылы билетсіз жүретін жолаушылардың саны екі есе, мүмкін үш есе азаяды, – деді Тайбергенов.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары