23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікке ілінген «Қазспецэкспорт» басшысы А.Рамазановқа қатысты екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзірге ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге дерек жарияланбайды.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша Қаржы мониторингі агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды адамдары мен олардың қарамағындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстаған болатын.
Енді олар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау шеңберінде бағаны көтеру жолымен әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде шамамен 1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады