Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада балаларын қазақ мектебіне беретін ата-аналар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистердің бірі Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке «Астана тұрғындарының басым көпшілігі (80%) – қазақтар. Бірақ олардың тең жартысы балаларын орыс мектебіне береді. Сізді әкім ретінде бұл мәселе алаңдата ма?» деп сұрақ қойды.
Жеңіс Қасымбек салынып жатқан мектептердің басым көпшілігі қазақ мектебі екенін айтты.
2-3 жыл бұрын сіз айтқан пайыз төмен болған. Жыл сайын қазақ мектебіне, қазақ сыныбына баратын қазақ балаларының саны көбейіп жатыр. Астанада 80-нен аса жаңа мектеп салынып жатыр. Олардың көбі (70-80%) – қазақ мектебі, - деді ол.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді