Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушы азамат алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін 10 жылға, ал оның серіктесі көмек көрсеткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот хабарламасына сәйкес сотталушы Ш. сотталушы Н.-ны әйелінің әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге жалдаған екен. Қылмысты жасауға түрткі болған, сотталушы Ш.-ның әйелінің туысы сақтауға қалдырған ақшаны жұмсап қоюы себеп болып отыр.
Өз кезегінде сотталушы Н., өзінің досы В.-ға адам өлтіруді ұсынады. Алайда В., бұл туралы полицияға хабарлаған. Полицейлер адам өлтіруге тапсырыс беруші мен сыбайласты ұстау үшін жәбірленушінің жалған өлімін ұйымдастырып, күдіктілерді ұстады, - деді Астана сотының баспасөз қызметіндегілер.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады