20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорданы қардан тазарту бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс жалғасуда.14 қаңтарда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 2300-ге жуық жол жұмысшы мен 1300-ден астам мамандандырылған техника шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні қаладан 2458 ауыр жүк рейсімен 33 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қыс мезгілі басталғалы қаладан 3 093 354 текше метр қар шамамен 245 132 ауыр жүк рейсімен шығарылды. Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады.
Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие. Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?