7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала экономикасы үшін жүзеге асып жатқан инветициялық жобалар туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһар басшысының сөзінше, 2024 жылы қала экономикасына 1,9 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 13%-ға артық. Елордада өнеркәсіп өндірісінің өсуі 6,7%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетті, ал өңдеу өнеркәсібіндегі өсім – 9,8%.
Инвестштабтың отырысын өткіздім, онда инвесторлардың бірқатар ұсынысын қарадық. Мысалға, электровоздарға қызмет көрсету жөнінде сервистік орталықтың, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кешенінің, көпдеңгейлі паркингтердің, сондай-ақ болат құбырлар, бұранды кабельдер және автоклавты газбетон әзірлеу зауыттарының құрылысы қамтылған жобаларды қарастырдық.
Мысалы, «M Clinic» компаниясы көпсалалы клиниканың құрылысы бойынша жобаны таныстырды, франциялық ALSTOM компаниясы электровоздарға қызмет көрсету бойынша сервистік орталық салуды жоспарлап отыр. Орталық 250 жүк және 119 жолаушы электровозына қызмет көрсетеді, - деді ол.
Әкімнің айтуынша, ұсынылған жобалар бойынша инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 215 млрд теңгені құрайды. Оларды жүзеге асыру мерзімі 2025 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңге белгіленді. Бұл жобаларды іске асыру тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын тұрақты негізде өткізіп тұрамыз. Біз әрбір жобаны жеке-жеке қарастырып, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?