Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қала тұрғындары мен қонақтарын көрші елдің бай мәдени мұрасымен, дәстүрлерімен таныстырған бірнеше маңызды іс-шаралар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық музейінде Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды. Экспозицияда ағаштан жасалған бұйымдар, сюзане кестелері, адрас, қолдан тоқылған жібек, шекіме және миниатюралық шеберлердің жұмыстары, сондай-ақ әртүрлі аймақтардан келген керамика сияқты 180-нен астам жұмыс ұсынылды.
Көрме 2024 жылғы 8 тамызға дейін жалғасады.
Сонымен қатар бүгін режиссер М.Эркинов 2023 жылы түсірген «Абдулла Орипов: Тәуелсіздік жыршысы» фильмінің көрсетілімі өтті. Фильм көрнекті ақын, Өзбекстанның мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды.
Бұл фильмнің көрсетілімі 2024 жылғы 7 тамызға дейін өтетін Өзбекстан киносы күндерінің бір бөлігі болды. Ертең көрермендерге ол отбасылық құндылықтар тақырыбын әзілмен айтатын «Яша, Хотин!» (Жарайсың, әйелім!) комедиясы көрсетіледі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?