23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОрталық Азия қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында климаттың өзгеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
13-14 шілдеде Астана қаласында қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумы өтті. "Азия өзгермелі әлемде: болашақ үшін күн тәртібі" тақырыбында өткен форум жұмысына Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова аранйы қатысты.
Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі біздің заманымыздың ең маңызды қиындығы болып табылады. Министр Орталық Азия бұл қиындыққа қарсы тұрудың алдыңғы шебінде екенін атап өтті.
Егер біз 2050 жылға қарай Цельсий бойынша жаһандық температураның өсуін 1,5 градусқа дейін сәтті шектесек те, бұл екіталай болып көрінсе де, біз Орталық Азияда Цельсий бойынша температураның 2-ден 2,5 градусқа дейін өсуін сезінеміз. Бұл біздің жергілікті ортамыздың өзгеруіне, дәлірек айтсақ, шөлейттенуіне және дегидратациясына әкеледі. Біздің еліміз су ресурстарының жетіспеушілігіне алаңдайды, мұздықтарымыздың ауданы қазірдің өзінде 30% - ға қысқарды. Біздің өңірдің екі өзені-Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай шамамен 15% - ға төмендейді, - деді З. Сүлейменова панельдік сессия барысында.
Сондай-ақ, ведомство басшысы климаттың өзгеруінің әсерінен болатын шығындар мен залал мәселелері өсіп келе жатқан қауіпті азайту үшін үйлестірілген шараларды әзірлеуді талап ететінін атаған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады