Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өткен аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концертінде көпшілікке таныс кейіпкер – Тазабек жұртты өзіне баурап алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, тазалықтың символы концертке «Тазалықты қолдасаң, құшақтасайық!» деген плакатпен келіп, бірден жұрт назарын өзіне аударды. Қала тұрғындары мен қонақтары Тазабекпен суретке түсіп, құшақтасып, сторис түсіріп, әлеуметтік желілерде белсене жариялады. Ол кештің басты кейіпкерлерінің біріне айналып, жастар ғана емес, шетелдік қонақтардың да сүйіктісіне айналды.
Тазабек елорда тұрғындарымен осыған дейін де түрлі шараларда кездескен. Алып қуыршақ ауқымды концертке қатысу арқылы тазалық пен табиғатты қорғаудың маңыздылығын қарапайым түрде насихаттап, жұртқа ерекше көңіл күй сыйлады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді