Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамыӘл-Фараби атындағы оқушылар сарайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің және Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің ұйымдастыруымен 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakstan» шетелдік 20-дан астам ЖОО филиалдарының көрмесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, шараға ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова, ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай және шетелдік ЖОО филиалдарының өкілдері қатысты.
«Study in Kazakstan» көрмесінің негізгі мақсаты – Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік жасау. Қазіргі таңның өзінде еліміздің көптеген өңірлерінде шетелдің білікті ЖОО-мен байланыс орнатылып, қос диплом жүйесі бойынша білім алуға жағдай жасалған. Алдағы уақытта шетелдік жоғары оқу орындарының санын арттыру көзделуде. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев өз баяндамасында атап өтті.
Сіздердің білім алуларыңызға еліміз тарапынан барлық жағдайлар жасалуда. Алдағы уақытта шетелдік ЖОО филиалдарының санын арттырып, қос диплом бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Осы өтіп жатқан көрмеден керекті ақпараттарды ала аласыздар деген сенімдемін. Сіздерге алдағы уақытта сәттілік тілеймін! – деді Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, талапкерлер шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесімен түсе алады.
Көрме Астана қаласында 30-31 қаңтар аралығында екі күнге созылады.
Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?