19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бүгін Астанада «Жасанды интеллект әлемінде болашақты таныстыру» тақырыбында Nobel Fest бірінші сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми фестивальдің барлық қонақтары мен спикерлерін құттықтай отырып, білім және ғылым саласындағы технологиялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда Google компаниясымен бірлесіп, 14 ЖОО базасында біз жасанды интеллект бойынша пилоттық курсты іске қостық. Егер бұл курс жеткілікті табысты болса, келесі жылдан бастап ол Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқытылатын болады, - деп атап өтті министр.
Сондай-ақ, жиында Қазақстан тарапынан М. Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова, Nobel Fest негізін қалаушы және бас директоры Мақсат Құрбенов, COVID-19 вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закария және т.б. сөз сөйледі.
Ертең, 6 қазанда фестивальдің екінші күні және әйгілі пианист Ратовичтің концерті өтеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары