29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрермен жиналды.
Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және өзге де атақты спортшылар шықты.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға деген қызығушылық өте жоғары болды. Чемпиондардың өнерін тамашалауға тек елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ жақын әрі алыс шетелдерден келген көрермендер жиналды.
Мұндай ауқымды іс-шаралардың өткізілуі Астананың халықаралық спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек