20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп салынатын 100-ден астам орын белгіленгенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мектеп салу – өзекті мәселе. Елорда тұрғындарының жыл сайын артып келе жатқаны ескеріліп, оқу орындары орналасатын жер учаскелерінің де санын көбейттік.
Қазіргі уақытта мектеп салынатын 102 жер учаскесін белгіледік. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттіліктеріне орай қаланың барлық ауданында орналасқан. Мәселен елорда тұрғындары көбірек шоғырланған және қарқынды дамып келе жатқан Есіл ауданында мектеп салынатын – 49 учаске, Алматы ауданында – 29 учаске және т.б.
Мектеп пен өзге де маңызды әлеуметтік нысандар салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын артатын болады. Әр ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ЕТЖ) арнайы бағыт бекітілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 23 аса ірі мектептің жобасын жүргізіп жатырмыз. Бұл 23 мектеп 2 ауысымда 84 мыңнан астам оқушыны қамтуға мүмкіндік береді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім ошақтарының құрылысын келесі жылы бастаймыз.
Осылайша, біз ауқымды мектептер салуды жалғастырамыз. Осыған дейін Астанада 6 ірі мектеп аштық, олардың әрқайсысы 4 мың оқушы орнына (6 мектептегі оқушы орындарының жалпы саны – 2 ауысымда 24 мың) есептелген.
Қаланы аралау барысында бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Мысалға бұл мектептер Ұлы Дала даңғылында, Ұлы Дала мен Сауран даңғылының қиылысында, 187-көшеде және Қарасай батыр көшесінде орналасқан.
Аталған мектептерді биылғы оқу жылында ашуды жоспарлап отырмыз.
Елордада 2019 жылдан бастап 93 мың оқушы орнына арналған 2 ауысымды 45 мектеп салынды. Оның 9-ын биылғы оқу жылында ашамыз», - деп жазды елорда әкімі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?